jasqazaq.kz

Каспий құбыр консорциумындағы апат: Қазақстан мұнай экспортын басқа бағыттар арқылы ұлғайтпақ

23 наурыз 2022, 14:21

Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келуіне байланысты Қазақстан мұнай экспортын баламалы бағыттар бойынша ұлғайту мүмкіндіктерін пысықтап жатыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Энергетика министрлігі мәліметінше, Новороссийск аумағында қатты дауыл болып, бұл Каспий құбыр консорциумы терминалы жұмысына әсер еткен. КҚК ақпаратына қарағанда, биылғы 22 наурыздағы кезектен тыс тексеру барысында арнайы үшінші жабдықтың тірегі орнынан жылжып кеткен, сондай-ақ арнайы екінші жабдықтың жүйесіне зақым келгені белгілі болды. Осыған байланысты КҚК тиісті жөндеу жүргізу үшін аталған жабдықтардың жұмысын уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

«Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумымен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша консультациялар өткізіп жатыр. Бұл ретте мұнай экспортын баламалы бағыттар бойынша ұлғайту мүмкіндіктері пысықталып жатыр», — делінген ҚР Энергетика министрлігі ақпаратында.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық