jasqazaq.kz

Каспий Аралдың кебін кие ме?

13 сәуiр 2023, 15:50


Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбдуәлиев Каспий көлінің тартылуына қатысты түсінік берді. .
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде оған: «Желіде Каспийдің тартылып бара жатқаны туралы бейнежазба шығып жатыр. Мұның себебі не, Каспий Аралдың тағдырын қайталайды деп ойламайсыз ба?», — деген сауал қойылды.
Комитет өкіі: «Кейінгі 120 жылда оның деңгейі Балтық жүйесімен алғанда -25 метрден -29 метрге дейін құбылған. Қазіргі деңгейі -28,6 метр. Бір жылдары бұдан төмен кездері болған. 1978 жылдан бері көл деңгейі көтерілді де, 2006 жылдан бастап қайта түсті. Сөйтіп кезең-кезеңмен құбылып тұр. Бұл проблема жоқ деген сөз емес. Климаттан бөлек, Еділден келетін судың азаюы бар», — деп жауап берді. Ведомство өкілі Каспий суының 95 пайыздайы Еділ өзенінен келетінін еске салды.
«Жайықтың суы да азайып кетті. Сонда Каспийдің тартылуына негіз болатын факторлар баршылық. Бірақ мұның маусымдық сипаты болуы да мүмкін. Сол үшін Каспий теңізін зерттейтін институт құрылады. Сол институт проблеманы шешудің жолдарын көл жағасындағы елдермен бірлесіп пысықтайды», — деді Айдар Әбдуәлиев.

JQ-Aqparat

27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
26 тамыз, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын