jasqazaq.kz

Каспиіне күнде ақша түсіп жататындар кәсіпкер деп танылуы мүмкін

25 ақпан 2021, 11:23

Мобильді қосымшалар арқылы жедел аударымдардың арқасында қолма-қол ақша айналымының көп бөлігі қолма-қолсыз ортаға көшті. Алайда, бұл қызмет жеке тұлғалар арасындағы жеке аударымдар үшін жасалған және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналмаған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.

Бүгінгі күні мобильді аударымдарды тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлем қабылдау кезінде кәсіпкерлер кеңінен қолданады. Бизнес өкілдерінің кейбірі бұл қызмет арқылы нақты айналымдарын жасырады. Микро-шағын бизнесті үш жыл бойы табыс салығынан босатқанына қарамастан мұндай заңсыз әрекеттер жиі кездеседі.

Мемлекеттік кірістер комитеті трансферттер мен төлемдерді бөлу және фискалдау бойынша бірқатар шешімдер әзірлеп жатыр. Бұл кәсіпкерлердің жеке аударымдары мен кәсіпкерлік трансферттерін ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл жаңашылдық тек бизнес өкілдеріне ғана қатысты. Жеке тұлғалардың жеке аударымдарына әсер етпейді, салық салынбайды, деп хабарлады МКК баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлік қызметтегі аударымдар мен төлемдерді қабылдау үшін Комитет бизнеске бөлек шоттар пайдалануды ұсынады.

Сондай-ақ, біз кәсіпкерлік қызметке арналмаған шоттарды пайдаланып табыс алу белгілерін анықтайтын, тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосуды ұсынамыз, — деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитеті.

Мысалы, бір адамның күн сайын бірнеше адамнан аударымдарды ұзақ уақыт бойы алуы кәсіпкерлік қызметтің белгілері ретінде танылуы мүмкін.

Жалпы, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін жасалған төлем белгілерін анықтау бойынша жұмыс басталды және екінші деңгейлі банктермен, «Атамекен» ҰКП-мен және бизнес қауымдастықпен бірлесіп талқыланады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия