
Каспий банктегілер клиенттерінің «босап қалған» шоттары туралы шағымына қатысты пікір білдірді. Әлеуметтік желілерде көптеген шот нөл болып қалғаны туралы хабарлама тарады. Бұл туралы Today.kz хабарлады.
Редакциямызға банк қосымшасындағы шоттарындағы қаражат «жоғалып» кеткенін айтып, оқырмандар хабарласты.
Одан бөлек, адамдар 9999 call-орталық нөміріне хабарласа алмай жатыр.
«Техникалық қателік болды. Клиенттер банкоматқа барып, шоттарын тексеріп, қаражаттарын шешіп алса болады. Себебін анықтап жатыр, аз уақыт күту керек. Ақша ешқайда жоғалып кеткен жоқ», – деді банктің баспасөз қызметі.