jasqazaq.kz

Kaspi Bank қарақшылар туралы ақпарат үшін 5 миллион теңге сыйақы береді

23 тамыз 2017, 14:43

Kaspi Bank Талғардағы тонаушылар туралы ақпарат үшін ірі көлемде сыйақы тағайындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Kaspi Bank 22 тамызда Талғардағы бөлімшеге шабуыл жасағандарды ұстауға мүмкіндік беретін маңызды ақпарат үшін 5 000 000 теңге сыйақы береді. Бұл ақпаратты +7 747 388 29 34 телефоны арқылы банктің Қауіпсіздік қызметіне хабарлауға болады», — дейді банктің корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры Маржан Елшібаева. Елшібаева тонаушылар банк кассасынан 60 миллион теңге алып кетті деген ақпаратты растамады. «Одан айтарлықтай аз, нақты қанша екенін тергеу мүддесі үшін ашып айта алмаймыз», — дейді банк өкілі. Оқиға 22 тамызда, таңғы уақытта болған. Видеобақылау камерасындағы жазбадан банктің кассасы көрінеді. Бетперде киген қарақшылар шатырдан қарумен басып кіріп, банк қызметкерлерін байлап тастайды. Сондай-ақ, олар кассадағы ақшаны алып кеткен. Мұның барлығын қылмыскерлер екі минут ішінде жасап үлгерген. Кейін Kaspi Bank оқиғаның толық видеосын жариялады. «Қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі басты орында. Мұндайдан ешкім сақтана алмайды. Бастысы ешкім зардап шеккен жоқ. Біз ішкі мақсатта қосымша шешімдер шығарамыз. Мұндай оқиға ешкіммен қайталанбас үшін полиция кінәлілерді табады деп үміттенеміз», — дейді департамент директоры. Қазіргі кезде шығын көлемі анықталып жатыр. Мұның алдында куәгерлер оқиғаның мән-жайы туралы айтып берген.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде