jasqazaq.kz

Кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен берілген дизель отынын сатқан

05 тамыз 2022, 11:27

Қаржы мониторингі агенттігі жанар-жағармайға қатысты алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында еліміздің барлық өңірінде жан-жақты тексерулер жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінде жалған жүк жөнелтілім құжаттарын қолданып, басқа мұнай өнімдерінің атын жамылып, жанар-жағармай өнімдерін экспорттау деректері анықталды. Кейбір жағдайларда жосықсыз кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сатумен айналысқан», — делінген хабарламада.

ҚМА өкілдері осындай деректер бойынша сенім телефондарына хабарласуға болатынын айтты.

«Егер жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз сату немесе әкету деректері туралы хабардар болсаңыз немесе уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану деректеріне тап болсаңыз, ҚМА немесе аумақтық департаменттерге тәулік бойы қызмет көрсететін сенім телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз», — делінген хабарламада.

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді