jasqazaq.kz

Кәсіпкерлер бас санитар дәрігерді сотқа берді

05 сәуiр 2021, 20:38

Қарағандылық кәсіпкерлер өңірдің бас санитар дәрігерін сотқа берді. Олар соттан шектеу шараларын күшейту туралы бұйрықты заңсыз деп тануды сұрайды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Өйткені карантин күшейтілгенімен, қауіпті кесел жұқтырғандар саны артпаса, азаймай тұр. Ал шектеу шаралары азаматтардың конституциялық құқығын бұзады дейді. Өйткені елдің жүріп-тұруы, еркін еңбек етуі мен балалардың білім алуына кедергі жасалған. Денсаулық сақтау саласындағы шенеуніктер азаматтардың денсаулығын қорғау мен індетті жоюда атқарған істері мардымсыз екен. Шектеу шараларын бұзғандарға айыппұл салу жұмыссыз қалған жұртқа жығылған үстіне жұдырық болған. Осыған әбден ашынған кәсіпкерлер бас санитар дәрігердің қаулысының күшін жоюды заң жүзінде сұраудан басқа амалымыз жоқ дейді. Бірақ сотта жеңетініне өздері де сенбейді.

Ирина Фурсова, заңгер:

— Шенеуніктер бір жыл ішінде вирустың көзін жоюдың тәсілін таба алмады. Есесіне бәрін тұралатып тастады. Қашанғы қамалып отыра береміз? Шет елдердегі жағдайларға қарап біз де соны істейміз. Одан да шет мемлекеттермен шекараны жапсын да, ел ішіндегі індетті жойсын. Бизнеске кедергі болмасын. Қазір елдің әлсіреген экономикасын құтқаруды ойлау керек.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия