jasqazaq.kz

Кәсіпкерден ақша бопсалаған ҰҚТ мүшесі ұсталды (Видео)

22 қазан 2021, 14:39

ШҚО-да кәсіпкерден ақша бопсалаған ҰҚТ мүшесі ұсталды.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері бопсалаумен айналысқан ҰҚТ мүшелерінің бірінің құқыққа қайшы әрекеттерінің жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді. Полиция департаментінің жедел уәкілдеріне бұған дейін бірнеше мәрте сотталған облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны ағымдағы жылдың қыркүйек айының басынан бастап шаруа қожалығының иесінен қорқытып 30 млн.теңге көлемінде ақша қаражатын бопсалап жүргені туралы ақпарат келіп түсті. Арнайы бөлімшелердің күштерін тарта отырып, жедел іс-шаралар жүргізу нәтижесінде аталған күдікті ақшалай қаражатты алған сәтте тікелей ШҚ аумағында ұсталды. Тінту барысында оның заңсыз әрекеттерін растайтын заттай дәлелдемелер алынды.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей: – Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Оның әрекеттері жеті жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейтін ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сараланады. Ведомствода шағын және орта бизнесті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде