jasqazaq.kz

Кәсіпкерден 43,5 миллион теңге бопсалаған

01 сәуiр 2019, 17:00

Ақтөбеде қылмыстық топ мүшесі жеке кәсіпкерден 43,5 миллион теңге бопсалаған, — деп хабарлайды «Мой ГОРОД«.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған 32 жастағы ер адам қылмыстық топтың мүшесі екен, ол бұрындары үш рет ұрлық, қарақшылық шабуыл және бұзақылық үшін сотталғаны анықталған. Айта кетейік, күдікті 2018 жылдан бері бопсалау қылмысы үшін халықаралық іздеуде жүрген. «Қорқыту және күш қолдану арқылы ол сыбайластарымен бірге жеке кәсіпкерден аса ірі көлемде (43,5 миллион теңге) қаражат бопсалаған. Бопсалау дерегі бойынша ұсталған (қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында) сыбайластарының ісі 2019 жылы ақпанда сотқа жіберілген», — деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда