jasqazaq.kz

Кәсіпкер жұртшылықты жұмыртқа арқылы сайлауға шақыруда

24 мамыр 2019, 16:46

Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті құс фабрикасының жұмыртқасында сайлауға шақырған жазу пайда болды. Бұл оқиға қазір әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

«Маусымның 9-ы бәріміз сайлауға қатысайық» деген жазбасы бар жұмыртқа суреті әлеуметтік желілерде тарап кетті. Өнім — «Фирма — Алекри» ЖШС-нікі. Директор Александр Прядконың айтуынша, мұндай белгі Нұр-Сұлтан қаласына көрмеге апару үшін санаулы данаға ғана басылыпты. «Парламент отырысында құс шаруашылығы мәселелері қаралды. Соған арнайы көрме әзірлейтін болдық. Біз ерекшеленейік деп шамамен 30-40 жұмыртқаға түрлі жазбалар бастық. Оның ішінде сайлауға шақырудан басқа «Алға, Қазақстан!» деген жазулар да бар. Бұл — жұрттың осынша қызығушылығын тудырады деп ойламаппын», — дейді кәсіпкер. Бұған дейін жұмыртқа бетінде 9-мамыр — Жеңіс күнімен құттықтаған жазбалар шыққан екен. «Әр мерекеде біз осылай жазамыз. Бірақ оны тек бірнеше данамен ғана шығарамыз. Туған-туыстарымызды, достарымызды құттықтау үшін», — дейді Александр Прядко. «Фирма Алекри» ЖШС өңірдегі ірі құс фабрикаларының бірі. Жылына 150 млн-ға дейін жұмыртқа шығарады. Өнімі негізінен экспортқа бағытталған. Қырғызстанға, Тәжікстанға, Ауғанстанға және негізгі бөлігін Ресейге сатады екен.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда