jasqazaq.kz

Кәсіпкер пәтерді кімге сыйлайды?

08 ақпан 2019, 12:01

Астанада тұрмысы нашар отбасыға бір бөлмелі пәтер алып беруге уәде еткен ер адамға мыңдаған қазақстандық хабарласты. Адамдар жазбаша түрде де, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы да өтініштерін білдіруде.

Елордадағы бес баланың қазасына қатты қынжылған қаржы компаниясының бас директоры Жандар Садықов тұрмысы нашар отбасыға баспана сатып алып беруге шешім қабылдапты.

«Қазір Астана қаласы бойынша 80-90 жазбаша өтініш келді. Бұл өтініштерді біздің филиалдарымызда қалдырған. Әлеуметтік желі, мессенджерлер арқылы түскен өтініштердің саны екі мыңнан асады», — деді «Кэш-Ломбард» филиалының директоры Жансейіт Амангелдиев Sputnik Қазақстанға.

Пәтер сыйлайтын жанұяны таңдағанда көпбалалы, асыраушысыз қалған отбасыларға, Астанада тұратын, жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ, жәрдемақымен ғана күнелтетін азаматтарға басымдық беріледі. Кілтті жақын арада табыстау жоспарланып отыр. Компания қаражат жинап жатқан жоқ, бірақ көпбалалы отбасылар тізімін көмектескісі келетін бизнесмендерге бере аламыз деп атап өтті.

Жансейіт Амангелдиевтің айтуынша, компанияға басқа кәсіпкерлер әзірге хабарласпаған.

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда