jasqazaq.kz

Кәсіпкер ауылдастарының қарызын кешірді (видео)

21 мамыр 2020, 17:37

Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында тұратын кәсіпкер Әзбек Мұхитов рамазан айында ауылдастарының қарызын кешірді.

Өзінің айтуынша, ауыл тұрғыны шешенстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік желідегі челленджін көргеннен кейін осындай сауапты қадамға барған екен. Кәсіпкердің челленджді жалғастырып, ауылдастарының берешегін кешіргені әлеуметтік желіде кеңінен таралып кетті.

«Барыс» деп аталатын азық-түлік дүкенін 2011 жылы ашып едім. Ауыл тұрғындарының тауарды жаздырып алатыны бар. Олардың үш жылдан бергі қарызы 63 685 теңгеге жетіпті. Ішінде жоқ-жітік жандар да, берешегін қайтарамын деп жүргендер де бар. Тізімге қараған жоқпын, дәптердің сол беттерін жыртып тастап, бәрін кешіруді жөн көрдім. Ең бастысы, бір-бірімізге деген мейірімділіктен айнымайық, кешірімшіл болайық. Оразамыз қабыл болсын», деді Әзбек Мұхитов.

https://youtu.be/Dlh-MX2syBI

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде