jasqazaq.kz

Кәсіпкер ауылдастарына тарту жасады

27 тамыз 2018, 10:48

Түркістандық кәсіпкер туған ауылына құны 116 млн теңге болатын спорт кешенін салып берді, деп хабарлайды 24.kz. Отырар ауданы, Ақтөбе ауылында бой көтерген нысан толықтай спорттық құрал-жабдықтармен қамтылған.
Кәсіпкер Есбол Қамбаров – осы ауылдағы мектепте білім алған азамат. Ол өз қаржысына салдырған ғимаратты Елбасының «Туған жер» бағдарламасы аясында жерлестеріне тарту етпек. 200 балаға лайықталған кешен алдағы қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Мұнда жаңа оқу жылынан бастап бокс, күрес, футбол және волейбол үйірмелері жұмыс істейді. Жалпы Ақтөбе ауылында екі жарым мыңдай тұрғын, 450-дей оқушы бар. Елді мекенде бокс жақсы дамығандықтан, екі спорт шебері, он бір спорт шеберлігіне үміткер шыққан.

Талғат Құланбай, мектеп оқушысы: «Бұрын біз мектептің артындағы кішкентай залда жаттығатын едік. Ол нашар еді, осы спорт кешенін салып берген ағаларға рақмет. Байқадам Омаров ағама да алғыс айтамын. Құдай қаласа Олимпиада чемпионы боламын».

Ермек Ташов, Отырар аудандық спорт бөлімінің басшысы: «Бұл жер толық 200 баланы қамти алады. Келіп жатқан балалар көп, әлі ашылған жоқ. Ертең ашылғанда, көрші ауылдардан да балалар келеді деп отырмыз. Бұл ауылда бокс жақсы дамыған. Бәрі тегін болады».

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді