jasqazaq.kz

Кәсіпкер 118 миллион теңге жымқырған

15 маусым 2020, 12:24

ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Нұр-Сұлтан қаласында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ бюджеттік ақша қаражатын жымқыру фактісі бойынша екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Айыпталушылар бақылауындағы кәсіпорындарға жалған тұлғаларды рәсімдеп, іс жүзінде негізгі қызметті өздері жүргізіп отырған. Жымқыру технологиялық процестерді жетілдіру бойынша техникалық жабдықтауға қызмет көрсетуге берген, шындыққа сай келмейтін 118 млн теңге сомасындағы шығынның өтеуін заңсыз алу арқылы жүзеге асырылған.

Көрсетілген мемлекеттік қаржылық көмек ең алдымен ШОБ-ты қолдауға, сонымен қатар тауар, жұмыс және қызмет көрсетудің өзіндік құнының түсу салдары мен шығынды өтеуге арналған.

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданы сотының үкімімен кәсіпкерлер ҚР ҚК 190-бабының 4 б. (алаяқтық) сәйкес кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 жыл бюджет қаражатын алуға қатысты қызметпен айналысу құқығы мен 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот сонымен қатар ынтымақтық тәртіпте кәсіпкерлерден «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ пайдасына мүліктік залал есебінде 118 млн теңге мен мемлекет кірісіне әр кәсіпкерден 1 770 000 теңгені мемлекеттік бажға өтеу түрінде өндіріп алуға қаулы шығарды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде