jasqazaq.kz

Картоп жинауға барған ер адам комбайнның астында қалды

14 қыркүйек 2020, 11:34

Павлодар облысында суармалы алқапта картоп жинап жүрген ер адамды комбайн басып кетті. Бұл туралы аполиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Полиция департаментінің мәліметінше, 59 жастағы ер адамды комбайн байқаусызда басып кеткен. Қазіргі таңда жұмысшы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

«13 қыркүйекте Павлодар облысы Ақсу ауданы, Еңбек ауылының маңындағы суармалы алқапта жазатайым оқиға орын алды. Картоп жинау кезінде картоп жинайтын комбайнда жұмыс істейтін 59 жастағы ер адам байқаусызда комбайнның астына түсіп кетті. Нәтижесінде түрлі жарақаттар алған ер адам Ақсу ауруханасына жеткізілді», — деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апат фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия