jasqazaq.kz

Картадан ұтылған жас жігіт асылып қалған (видео)

18 қантар 2021, 16:29

Алматы облысында бір жігіт өз-өзіне қол салғаннан кейін төрт полиция қызметкері жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ПД-ның хабарлауынша, бұған дейін олар өз еріктерімен жұмыстан кетуге өтініш білдірген.

2020 жылғы 24 желтоқсанда ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы,1 бөлімі , яғни «Суицидке жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеу сатысында, қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іспен бір уақытта өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізілді, оның барысында полиция қызметкерлерінің іс-әрекеті полиция беделіне нұқсан келтіру деп танылды. Бұған дейін өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыз берген төрт полиция қызметкері қазір теріс қылықтары үшін ішкі істер органдарынан босатылды, дейді полиция департаментіндегілер.

Сондай-ақ, Ақсу аудандық полиция бөлімшесінің басшысы қызметінен босатылады.

You-Tube «TALDYKORGANETS» арнасында осы трагедия туралы егжей-тегжейлі видео жариялады. Ондағы мәліметке сүйенсек, желтоқсан айының соңында Жансүгіров ауылының 22 жастағы тұрғыны полиция қызметкерлерімен карта ойнаған. Ақшасынан ұтылған жас жігіт асылып қалған.

Шамамен бір тәуліктен кейін полиция қызметкерлеріне шара қолдану туралы өтініш білдірген ауылдастары (70-80 адам) облыстық әкімдік ғимаратының алдына жиналды. Жастардың заңсыз әрекеттері орын алған жағдайдан сақтану үшін қазір оқиға орнына қауіпсіздік күштері тартылуда. Қазір тергеу жүріп жатыр, суицидке апару бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бір қызығы, карта ойынына қатысқан бұл тәртіп сақшылары өз еріктерімен жұмыстан кетеді, олардың бірі өз еркімен зейнетке шығады, бұйрыққа ұқсайтын құжат көшірмесінің фотосуреті де бар. Енді сол түні әкімдік алдына жиналған марқұмның достары мен туыстарына осы шу басылған соң бірін заңсыз митинг ұйымдастырғаны үшін, тағы бірін жаңсақ ақпарат таратқаны үшін жазаға тартып, өшімізді аламыз деген сипатта алып-қашпа әңгілемелер жетіп жатыр, — делінген хабарламада.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия