
Алматы облысында бір жастағы бала кәріз шұңқырына құлап кетіп, мерт болды. Қайғылы жағдай Кеген ауылында болған.
Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті болған оқиғаға байланысты пікір білдірді. Бала ойнап жүріп, абайсызда кәріз шұңқырына құлап кеткен. «Оқиға 21 мамыр күні болған. 2020 жылғы бала жеке үйдің ауласындағы моншаның кәріз шұңқырына түсіп, мерт болды. Ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз»,- деп мәлімдеді аталған ведомство қызметінен.
ҚазАқпарат