jasqazaq.kz

Кәріз құдығында тұратын әйел анасымен кездесті (видео)

19 желтоқсан 2019, 11:44

Павлодар облысындағы Ақсу қаласының жылу желісінің құдығында өмір сүрген Айнұр есімді әйел Ақтаудан келген анасымен кездесті, — деп хабарлайды «Лада».

Олардың табысуына қарапайым адамдар себепші болған. Әлеуметтік желі қолданушылары YouTube желісіндегі «Культурный 14 РЕГИОН» каналында жарияланған видеодан соң Айнұрдың тағдырына алаңдай бастаған. Әйел Ақтау қаласының тұрғыны екенін айтқан. Бірнеше жыл бұрын ол Ақсу қаласына көшіп, сонда тұрмысқа шыққан. Алайда түсініксіз себептермен оны күйеуі үйінен қуып шыққан. Содан бері ол көшеде тұруға мәжбүр. Видео авторлары оның ата-анасымен байланысып, қызының қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын баяндап берген. «Ана, көмектесші, мен далада қалдым», — дейді Айнұр.

Видео жарияланғаннан кейін үйсіз әйелді Ақсу қаласының полиция қызметкерлері іздей бастаған. Енді Айнұр анасымен үйіне қайтты. Еріктілер әйелге билет алып беріп, анасы мен қызын шығарып салды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда