jasqazaq.kz

Кәрім Мәсімов ісі: ҰҚК жаңа деректерді фотосымен жариялады

10 наурыз 2022, 14:19

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша Мәсімов пен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа деректер жариялады.

Сонымен қатар, тергеу барысында Мәсімов әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық белгілері көп анықталғаны хабарланды.

«Жылжымайтын мүлікті заңсыз алу деректері, қымбат сыйлықтар, оның ішінде мәдени құндылықтар, отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерінен және шетелдік субъектілерден қомақты қаражат алу дерегі құжатқа түсті.

Атап айтқанда, ҰҚК төрағасы лауазымында Мәсімовтің жабық келісімшарттардың бірі бойынша шет мемлекет өкілдерінен 2 миллион АҚШ доллары сомасында пара алу дерегіне тергеу жүріп жатыр», — делінген хабарламада.

Аталған қаражаттың Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтарылуы қамтамасыз етілетіні айтылды.

Сондай-ақ, Мәсімов премьер-министр лауазымында болғанда елордада бизнес-құрылымдардың бірінен құны 2,5 миллиард теңгеге жуық элиталық қонақүй мен жер учаскесін алу дерегі бойынша тергеу басталды.

Мәсімов ұсталғаннан кейін, 2022 жылдың қаңтарында бұл қонақүйден 17,2 миллион АҚШ доллары, сондай-ақ көптеген сәнді заттар — элиталық сағаттар, алтын құймалар, антиквариат және тағы басқа заттар тәркіленгені хабарланды.

Одан бөлек, бизнес-класс санатындағы 11 қымбат автокөлік тәркіленді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы екі элиталық пәтеріне, Алматыдағы екі пәтерге және сарайға, сондай-ақ, Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлдің жағасындағы ауданы 1 гектар жер учаскесіне тыйым салынды.

Мәсімовпен жақын байланыстағы адамдардан 5,1 миллион доллар тәркіленді.

«Осымен бір мезгілде Мәсімов пен оның айналасындағылар шетел банктеріне заңсыз шығарған аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатты іздестіру, бұғаттау және Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс ұйымдастырылды», — делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, барлық көрсетілген деректер бойынша қарқынды жедел-тергеу іс-шаралары жүріп жатыр.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр