jasqazaq.kz

Карим Бензема Франция құрамасы сапына қайта қосылмайды

20 желтоқсан 2022, 11:24

Биылғы «Алтын доптың» иегері Карим Бензема Франция құрамасындағы мансабын аяқтағанын және халықаралық футболдан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

«Мен барынша тырыстым және жіберген қателіктерім де болды, бұл мені бүгінгі жағдайға әкелді және мен оны мақтан тұтамын», — деп жазды футболшы Twitter парақшасында.

Бензема жарақатына байланысты Қатарда өткен әлем чемпионатына қатыса алмады және өткен жылы командаға Ұлттар лигасында жеңіске жетуге көмектесті.

Бұған дейін интимдік видео арқылы бопсалады деген айыппен шабуылшы ұлттық құрама сапында бес жыл ойнай алмаған болатын.

Бұған дейін Франция құрамасы мен Испанияның «Реал Мадрид» клубының шабуылшысы Карим Бензема алған жарақатынан толықтай айығып, құрама сапына қайта қосылуы мүмкін екені хабарланған еді.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді