jasqazaq.kz

Кариб аралындағы жанартау атқылады: вакцина алғандар ғана эвакуациялануда

13 сәуiр 2021, 17:35

Кариб теңізіндегі Сент-Винсет аралында Ла-Суфриер жанартауы оянды. Қиындыққа тап болғандарды эвакуациялауға круиз кемелері келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Вusiness insider-ге сілтеме жасап.

Ла-Суфриер жанартауы маңайындағы ең қауіпті жерлерден 16 мыңнан аса адамды эвакуациялау көзделіп отыр. Олардың бір бөлігі Кариб теңізіндегі Сент-Люсия, Гренада, Барбадос және Антигуа көршілес аралдарына орналастырылады. Алайда бірқатар аралдардың билігі өз жеріне тек коронавирусқа қарсы вакцина алғандарды ғана кіргізетінін айтып отыр, деп жазады басылым. Адамдар круиз лайнеріне отырмас бұрын вакциналаудан өтуі керек. Сент-Винсент аралында жанартау атқылауы 9 сәуір күні басталды. Бұл соңғы 40 жылда бірінші рет болып отыр. Дүлей апат салдарынан арал күлге оранып, көптеген үй электр жарығынсыз және сусыз қалды. Ғалымдар жанартаудың атқылауы әлі бірнеше күнге немесе аптаға созылуы мүмкін дейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде