jasqazaq.kz

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургиялық операция бөлімі халықаралық стандарттарға сәйкес жаңартылды

18 тамыз 2021, 14:45

    Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында кардиохирургиялық операция бөлімі халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жаңартылды.

«Операция жасау бөлімі жүрекке күрделі операциялық араласулар жасауға арналған жоғары технологиялық жабдықтармен жарақталды. 3D визуализациялаудың мүмкіндіктері бар заманауи торакоскопиялық тіреу қондырғысы орнатылды. 3D визуализациялауы бар жаңа аппаратураны пайдалану кеудені кеспей-ақ жүрек қақпақшаларына аз инвазивті операция жасауға және коронарлық шунттауды орындауға мүмкіндік берді», — дейді институттың Басқарма төрағасы, Қазақ білім академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Роза Қуанышбекова.

Клиниканың бірінші басшысының сөзін жасанды қанайналым зертханасы бар кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Рүстем Төлеутаев қолдады. Рүстем Мұхтарұлының айтуынша, осындай операциядан кейін пациенттер кеудені стандартты кесетін кезінде болатын ауырсынуды сезбейді, оңалу кезеңі жылдам өтеді, пациенттің бөлімшеде емделуі және жан сақтау мен қарқынды терапия бөлімшесінде емделу уақыты азаяды, қан кету көлемі төмендейді. Сонымен қатар, пациенттер косметикалық әсер де алады.

Жаңа операциялық бөлмеде жарақаттанушылықты азайту мақсатында бір пациентті емдеу кезінде бір мезгілде 2 түрлі тәсіл қолдану арқылы (эндоваскулярлық араласулармен бірге ашық операция) гибридті операцияларды жасау мүмкіндігі бар.

Қазақстанда тек Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да ғана жүрек ырғағының бұзылысын коронарлық шунттау немесе жүрек ақауларын түзете отырып бір уақытта емдеу үшін ашық жүрекке криоаблация операциясы жасалатындығын айта кеткен жөн.

«Бөлімшенің дәрігерлері мен мейіргерлері өздерінің біліктілігін арттыру мақсатында үнемі білімдерін жетілдіріп, теориялық және практикалық дағдыларын арттырып отырады. Барлық қабылданып отырған кешенді шаралар жыл сайын диагностикалау мен емдеудің сапасын жақсартуға және пациенттердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді», — дейді Роза Тохтанәліқызы.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Баспасөз қызметі

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия