jasqazaq.kz

Каратиндегі казино. Киноның жалғасы (видео)

30 сәуiр 2020, 13:24

Алматыда төтенше жағдай және карантин кезінде заңсыз жұмыс істеген казиноға қатысы бар 18 адам 5 тәулікке қамауға алынды.

Жемқорлыққа қарсы агенттіктің бірінші департаменті басшысының орынбасары Данияр Ақуанның айтуынша, казиноға арнайы өткізу жүйесі арқылы кірген және ол жаққа тек тұрақты клиенттер кіре алған.

«Тінту шаралары барысында аумағы 1 000 шаршы метрден асатын казинодан қомақты сомадағы ақша тәркіленді, алты ойын үстелі, америкалық рулетка, ойын карталары мен фишка тәркіленді», — деді Ақуан.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Астыртын казиноға қатысты бар адамдардың барлығына төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жазаланды. Соттың үкімімен 18 адам 5 тәулікке қамауға алынды. Алты адамға 166 680 теңге мөлшерінде айыыпұл салынды, яғни әрқайсына 27 780 теңге айыппұл салынды», — деді Ақуан.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия