jasqazaq.kz

Караокені жезөкшелер үйіне айналдырған (видео)

28 қараша 2018, 9:44

Алматыда Оңтүстік Корея азаматтары караоке-бар ретінде секс-притон ашқан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«SТOP трафик» жедел профилактикалық шарасы барысында осы қылмыс түрі анықталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ғимаратта шетелдіктерге интим қызмет көрсетілген. ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың айтуынша, жеңгетайлық ісімен айналысқандардың әрекетіне шектеу қойылды.

Өз кезегінде Астанадағы вокзал маңында ақылы интим қызмет көрсеткен 7 қызы бар притон анықталды. Ұсталған қыздардың барлығы Өзбекстан азаматшасы, әрқайсына көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, Өзбекстан ІІМ өкілі олармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Әкімшілік сот шешімі бойынша, үш қыз елден шығарылды. Жалпы, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанда жүргізілген операциялар барысында адам саудасына байланысты 95 қылмыстық іс анықталған. Айта кетейік, 2018 жылы наурызда Алматыда қонақ үй кешенінде караоке-бар ретінде ашылған притонның директоры мен әкімшісі сот үкімімен үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді