jasqazaq.kz

Карантинге жатудан жалтарған тұрғын жауапқа тартылды

31 наурыз 2020, 9:50

#үйдеотыр

Солтүстік Қазақстан облысында үй карантиніне алынған ер адам талапты бұзғаны үшін жауапқа тартылады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады . СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 наурыз күні Тайынша ауданының 36 жастағы тұрғыны Польшадан келген. Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайда ол 14 күн үй карантинінде отыруға қолхат берген. Алайда елді мекенге келісімен-ақ кәсіпкер бірден өзінің сауда орнына барған. Бұл жайында білген Киров ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы онымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, төтенше жағдай режимін бұзғандарға қолданылатын жауапкершілік жайында түсіндірген. Ауыл тұрғыны карантинді сақтауға уәде беріп, Тайынша қаласындағы көпбейінді аудандық ауруханаға барған. Бірақ ол жерде дәрігерлерден өзінің ауырмайтындығы жөнінде анықтама беруді талап еткен. Медицина қызметкерлері кәсіпкерді Чкалов елді мекеніндегі карантиндік ауруханаға орналастырып, онда 28 наурызға дейін болған. Карантиннен шығарылғаннан кейін оның үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 476-бабы 2-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Енді ол белгілі бір мекенді, үйді, пәтерді белгілі бір уақытқа дейін тастап шыға алмайды. Заңды бұзған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Қазір осы оқиғаға байланысты жиналған материал сотқа беру үшін дайындалып жатыр. «Төтенше жағдай режимін елемеудің арты адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретінін естен шығармау керек. СҚО-да жеке тұлғаның төтенше жағдай тәртібін бұзудың алғашқы дерегі тіркелді. Жалпы, осы күнге дейін өңір полицейлері 39 хаттама толтырды. Олардың барлығы сауда орталықтары мен көңіл көтеру орындарына қатысты», — дейді Тайынша аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Арғын Аманбаев.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия