jasqazaq.kz

Карантинге жабылған үйден шатыр арқылы қашқан (видео)

27 сәуiр 2020, 16:37

Екібастұзда карантин тәртібін өрескел бұзған үш азамат ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Нақтырақ айтқанда, 34 жастағы ер адам карантинге жабылған тұрғын үйдің бірінші қабатындағы терезесінен секіріп түсіп, қашпақ болған. Алайда, ол автокөлігіне дейін жетіп үлгермепті. Полиция оны бірден ұстап, тұратын үйіне қайта жеткізген. Ал автокөлігін айып тұрағына алып кеткен. Екібастұзда тағы бір жағдай тіркелген. Карантинге жабылған М.Жүсіпов көшесі, 61-үйден үш адамнан тұратын отбасы шатыр арқылы қашпақ болған.

«Ер адам кәмелетке толмаған қызын көтеріп алған. Алайда олардың бұл әрекеттері куәгердің камерасына түсіп қалды. Карантин режимі мен төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБжК 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», — деп хабарлады министрліктен.

https://youtu.be/ulBfDAEjhTU

Жалпы Павлодар облысында тәртіп сақшылары карантин режимін бұзудың 1020 жағдайын анықтаған. Бәрі де жоғарыда аталғандай 476-шы бап бойынша әкімшілік жазаға тартылған.

«Сот шешімімен 96 адам 5-тен 10 күнге дейінгі әкімшілік қамауға алынса, 199 адамға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 585 адам ескерту алды. 412 көлік айып тұрағына жеткізілді», — делінген хабарламада.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия