jasqazaq.kz

Карантинге қайта жабылсақ, жұмыссыздарға берілетін төлемнің мөлшері көбейтілуі мүмкін

24 қыркүйек 2020, 11:41

Карантин кезеңінде жұмыссыз жатқандар үшін жұмысынан айрылылған кезеңіне төленетін төлемнің мөлшерін көбейту туралы ұсыныстар қарастырылып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

— Осыған байланысты біз жедел шаралар қабылдауға дайын болуымыз керек. Инфрақұрылымдық жобалардың есебінен жұмыс орындарын сақтау және жаңасын құру, жұмыспен қамтудың жол картасын жалғастырып, «Еңбек» бағдарламасы бойынша субсидияланған жұмыс орындарының көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Қысқартылған жұмыс режиміне көшу кезінде жалақының бір бөлігін ең төменгі жалақы деңгейінде өтелуі немесе субсидиялануы мүмкін. Карантин кезеңіндегі жұмыссыздар үшін жұмысынан айрылған кезеңге төленетін төлем мқлшерін көбейту бойынша ұсыныстарды жоспарға енгізу жайы қарастырылып жатыр, — деді Нұрымбетов.

Еңбек министрі карантин қайта енгізілсе, ол көп адамның жұмысынан уақытша айырылуына, сәйкесінше кірістерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін де атап өтті.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық