jasqazaq.kz

Карантинді қадағалайтын топ ақша бопсалаған

02 желтоқсан 2020, 20:48


Карантин талабының сақталуын қадағалайтын мониторинг тобы бизнесмендерден ақша бопсалаған. Көзжұмбайлықтың бір апталық құны – 50 мың теңге. Осылай деп мәлімдеген мәжілісмен Азат Перуашев жемқорлықпен күрес агенттігіне мониторингтік бақылау топтарының ізіне түсіп, тексеруді талап етті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

— Өңірлердегі кәсіпкерлердің хабарлауынша, шенеуніктердің туыс-туғандарына тиесілі мейрамхана мен клубтарды тексергенде топтары айналып өтеді. Таныстық, туыстықтың арқасында карантин шектеуіне қарамастан жұмыс істеп жатқандар жетерлік.

Депутаттың айтуынша, өңірлердегі шектеу шараларының сақталуын тексеретін мониторинг топтарының жетекшілері кәсіпкерлерді миллиондаған айыппұлдармен үркітіп, ақша бопсалауды кәдімгі кәсіпке айналдырып жіберген. Карантинді бұзғаны үшін 2-3 миллиондық айыппұл төлегенше, кәсіпкерлер тексерушілер сұратқан аптасына бір рет 50 мың теңгені қалтасына сүңгіте салғанды қош көреді екен. Осылайша сыбайластыққа әбден дәніккендер, Перуашевтың есебінше, айына 100 миллион теңгені қалтаға басып отыр. Сондықтан мәжілісмен айыппұлдың көлемін 50 пайызға қысқартуды талап етті. Оған қоса, кезекті локдаун енгізілсе, бизнестің жұмысына рұқсат беру керек дейді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық