jasqazaq.kz

Карантинде өткізген туған күн (видео)

13 тамыз 2020, 14:37

Павлодарда карантинге қарамастан мерейтой өткізген тұрғын жауапқа тартылады. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

Мониторинг тобы қалада карантинге қарамастан той жасаған тұрғынды анықтады. Топтың құрамына полиция қызметкерлері, қала әкімдігінің өкілдері кірген.

Заң бұзу дерегін топ өкілдері видеоға түсірген.

«Қаладағы кафелердің бірінде түнгі сағат 22.00-де мерейтой өткен. Туған күн иесін құттықтауға 25-тен аса қонақ келген», — дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше, мониторинг тобы келген кезде дәмханада музыка ойнап, тамада той жүргізіп жатқан.

«Бұл істің материалы облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. Карантин режимін бұзғаны үшін тұрғын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады», — дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия