jasqazaq.kz

Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады

02 шiлде 2020, 16:22

Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынатынын мәлімдеді.

Бұл туралы Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты. «Бизнес қауымдастық пен азаматтардың назарын мынаған аударғым келеді: карантин режимін және санитарлық-эпидемологиялық талаптарды бұзғаны үшін жеке тұлғалар 30 АЕК ( 83 340 теңге) мөлшерінде әкімшілік жауапқа тартылады», — деді ол. Ал кәсіпкерлік субъектілеріне 230 АЕК (638 940 теңге) және одан жоғары айыппұл салынады. Премьер-министрінің орынбасарының сөзінше, тиісті нормативті құқықтық акті осы аптада қабылданады. «Он төрт күн аралығында белгіленген шаралардың тиімділігі бойынша мониторинг жүргізіліп, нақты қорытынды шығарылып отырады. Нәтиже бермеген жағдайда, шектеу шаралары бойынша қосымша шешімдер қабылдануы мүмкін», — деді Ералы Тоғжанов.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі