jasqazaq.kz

Карантин нәтижесі: вирус жұқтыру өсімі төмендеді

03 сәуiр 2020, 17:48

#үйдеотыр

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясымен күрес бойынша елімізде енгізілген карантин шараларының нәтижесін айтып берді. «Өткен аптада науқастар санының көбеюі күн сайын 30-50 пайыз аралығында құбылып тұратын. Ел бойынша карантин шаралары күшейтілген соң, республика бойынша жалпы өсім 9-12 пайызға дейін төмендеді. Бұл Үкімет пен өңір әкімдері жүргізген карантин шараларының тиімділігін көрсетеді», — деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Министр апта басынан бері Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтіліп, жұмыссыз апта жарияланғанын еске салды. «Ауру жұқтыру жағдайларының 30 пайызы еңбек ұжымдарында тіркелгенін айтқан едік. Жұмыс орындары инфекцияның таралуына айтарлықтай ықпал етті. 28 наурыздан бастап, Нұр-Сұлтанда науқастар өсімі күніне 60 жағдайдан 15 жағдайға дейін төмендеді. Алматыда 8-ден 2 жағдайға дейін азайды. Мұның барлығы — карантин мен оқшауланудың тиімді болуынан. ТЖ бойынша мемлекеттік комиссия шешімімен Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұмысты тоқтату тағы бір аптаға созылды. Бұл екінші апта еңбек ұжымдарындағы, қоғамдық орындардағы байланысты азайтып, инкубациялық кезеңде жүрген науқастарды анықтауға мүмкіндік береді», — деді Елжан Біртанов.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі