jasqazaq.kz

Карантин қашан аяқталады?

17 сәуiр 2020, 20:05

#үйдеотыр

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин – коронавирус инфекциясының алдын алудың бірден-бір жолы болып қала беретінін еске салды.

«Халықтың назарын мына жайтқа аударғым келеді: инфекцияның таралу өрісіне талдау жүргізе отырып, коронавирус жұқтырған бір адамның 80 адамға дейін жұқтыруы мүмкін екенін біліп отырмыз. Карантин кезінде де көршілер бір-бірімен әңгіме-дүкен құруды доғарар емес. Артынша бір-біріне вирус жұқтырады. Мұндай жағдайлар да бізде кездесті. Орташа есеппен бізде коронавирус жұқтырған 1 адамға байланыста болған 30 адамнан келеді. Қазіргі таңда жұқтырған адамдардың 70 пайызы ауру белгісін байқамай өтіп кететінін көріп отырмыз. Демек аурудың қылдай белгісі жоқ сап-сау адамның өзі басқа адамдар үшін инфекция таратуы мүмкін», — деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер осы себепті карантин – коронавирус инфекциясының алдын алудың бірден-бір жолы болып қала беретінін жеткізді.

«Үйде болыңыздар. Аса қажеттілік туындамаса сыртқа шықпаған абзал. Тәртіп қаншалықты сақтасақ, соншалықты жылдам қалыпты өмірге ораламыз», — деді ол.

Айжан Есмағамбетовадан баспасөз мәслихаты барысында «карантин тәртібі Қазақстанда мамыр айына дейін созыла ма?» деген сұрақ қойылды.

Бұл сұрақтың жауабын да бас мемлекеттік санитарлық дәрігер жоғарыда сөйлеген сөзіне үндес жауап берді.

«Қазақстан Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия ТЖ режимі 30 сәуірге дейін ұзартқанын білесіздер. Карантин ары қарай созыла ма – ол өзімізге байланысты болмақ. Карантин шараларын қаншалықты сақтаймыз, өз-өзімізді қаншалықты оқшаулауға қауқарлымыз, қаншалықты қозғалысты азайтамыз – бәрі осы мәселеге кеп тіреледі», — деді ол.

ҚазАқпарат

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық