jasqazaq.kz

Карантин кезінде тойда жүрген полицейлердің видеосы тарады

24 маусым 2020, 11:55

Құқық қорғау органдарының өкілдері тойда жүрген полицейлердің видеосына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы видеоға қатысты қызметтік тергеу жүргізілді.

Мұның алдында Желіде карантин кезінде той тойлап жүрген полицейлердің видеосы тараған еді.

«Осы жағдай бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Тексеру барысында 12 маусымда Түркістан облысы Төле би ауданындағы демалыс аймағында карантин кезінде ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға Шымкент полиция департаментінің жұмыс істеп жүрген қызметкерлерінің бірі, сондай-ақ оқу орталығының және өңірлік Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы басшылары қатысқаны анықталды. Барлық лауазымды тұлғал мемлекеттік қызметшінің этикалық кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деді полицейлер.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі той өткізген демалыс аймағының әкімшілігіне айыппұл салынатынын айтты.

Ведомство мәліметінше, видеоны зерттеу барысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігінің бойынша ережебұзушылық жасалғаны анықталған (мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары (лауазымды тұлғалар), Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары өз құзыреті шегінде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынымдарды, қаулыларды орындамау немесе тиісінше орындамау).

«Санитарлық дәрігерлер демалыс аймағының әкімшілігіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жиналған материалдар қажет шешім қабылдау үшін Төлеби аудандық сотына жіберілді», — деді облыстық полиция департаментіндегілер.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия