jasqazaq.kz

Карантин кезінде басқосу ұйымдастырған шенеуніктер сөгіс алды

15 қыркүйек 2020, 10:59

Маңғыстау облысы әкімдігінің басқарма басшысына сөгіс беріліп, карантинді бұзғаны үшін айыппұл салынды. Шенеунік өзінің туған күнін әріптестері шеңберінде атап өткені түсірілген видео әлеуметтік желіде таралған еді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі бейнежазба экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ұжымының табиғатқа шығуы кезінде түсірілгенін мәлімдеді. Бұл басқарма басшысы Марина Әлбекованың туған күнімен тұспа-тұс келген.

«Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы қызметкерлерінің қалауы бойынша 25 адам демалыс күні, 13 қыркүйекте өңірдің көрікті жерлерін аралау мақсатында табиғатқа шықты», — деп жазды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Lada.kz.

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнематериал негізінде тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы карантинді бұзғаны үшін Әлбекованы әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Шенеунік 30 АЕК немесе 83 340 теңге төлеуі тиіс еді, бірақ айыппұлды бірден төлегендіктен (заң бойынша жеті тәулік ішінде), айыппұл 15 АЕК-ті құрады.

Еске салайық, желіде Маңғыстау облысында карантин кезінде өткізілген кештің видеосы жарияланды. Автор сол кеште аймақтың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекова бар екенін мәлімдеді.

Stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде