jasqazaq.kz

Карантин бізге де сынақ болды

10 желтоқсан 2021, 17:09

Еліміздегі ең ірі «Air Astana» әуе компаниясының президенті Питер Фостер Алматыда журналистерге сұхбат берді. 2019 жылдың қарашасында Қытайдың Ухань қаласында басталып, дүниежүзін шарпыған коронавирустың ауыр соққысы талайды сең соққандай етті. Төрткүл дүние тарс бүркеніп, карантиндік шектеуді енгізіп, алыс-беріс, барыс-келіс кілт үзілгенде ең алдымен туризммен тамырына нәр баратын салалар сансырады. Дүниежүзін үйіре соққан ковидтің дауылы әуе кеңістігін кестелейтін ұшақтардың да ұшуын тоқтатты. Питер Фостерге қойылған сауалдың көбі осы карантиндік шектеуге қатысты.

– Пандемия авиация саласын едәуір шығынға ұшыратты. Тығырықтан қалай шықтыңыздар? Осы туралы айтып берсеңіз?

– Иә, те орынды сұрақ. Біз пандемияның салдарынан 100 жыл крмеген дағдарыспен бетпе-бет келдік. Басқалармен салыстырғанда «Air Astana» компаниясы пандемиямен тиімді күресе алды. Біз пандемия кезінде мемлекет тарапынан болсын, акционерлер тарапынан болсын көмекке жүгінбедік, қаржы сұрамадық. Әлемді құрсауына алған карантиндік шектеу кезінде оңтайлы шешім қабылдап, мәселені дер шағында шешуге ұмтылдық. Дәл қазіргі сәтте біз пандемиямен тиімді күресе алдық деп айта аламын. Оған бірнеше себеп әсер етті. Біріншіден, пандемия басталғанда компания қорындағы қаржы жеткілікті болды. Соңғы 15 жылда компания табысты қызмет етіп келеді. Екіншіден, біздегі ұзақ мерзімге жарамды әуе флоттарының барлығы компания шығындарын үнемдеуге әсер етті. Үшіншіден, бізде ішкі нарық те қатты дамыған. Бүгінде ішкі рейстердің саны көбеюде. Төртіншіден, мемлекет тарапынан басқарылған халықаралық рейстерді орындауға мүмкіндік алдық. Ол шетелдегі Қазақстан азаматтарын елге қайтаруға арналған операциялар. Ал ең басты фактор – компанияның 5,5 мыңнан астам қызметкерінің з жұмысына адалдығы.

Біз жұмылған жұдырықтай, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», жұмыс істегеннің арқасында біріккен саусағымызға ине ілікті деп ойлаймын.

– Ковид ауруының салдарынан болған карантин кезінде қызметкерлердің жұмыс орнын сақтап қалуына қандай мүмкіндік жасалды?

– Пандемия кезінде кейбір әуе компаниялары мыңдаған қызметкерін жұмыстан қысқартуға мәжбүр болды. Ал біздің компания уақытша жұмыстан босатылған қызметкерлерге айлығының 50 пайызын төлеп отырды. Осылайша, олардың жұмыс орны сақталды. Компания да қаржысын үнемдей алды.

– Екінші жылға айналған осынау індет адамзат баласына да, бірнеше кәсіп э саласына да үлкен сабақ болды. Сіздер осы қиындықтан қандай сабақ алдыңыздар? Қандай тиімділікті ұстанып тығырықтан шықтыңыз?

– Пандемия бізге сабақ та, сынақ та болды. Компания қиындықты жеңеді немесе жеңіліп жұмысын тоқтатады. Ең алдымен, осыны көрсетті. Шүкіршілік дейміз, біз де ұжым болып, осынау қиындықты еңсере алдық. Біздің әуе компаниясының ұшақтары жаңа, Азия құрлығында ғана емес, әлемнің алпауыт әуе компанияларының ұшақтары секілді жаңа. Екі-үш жылдың бедерінде біздің компанияға тиесілі ұшақтың саны артып, жаңа әуе көліктерімен толығады. Біздің ұжымның
басты ұстанымы – қызметімізді тұтынушыларға жоғары сапалы қызмет көрсету. Ұшу қауіпсіздігін қатаң ұстанып, халықаралық стандартқа сай жолаушыларға жайлылық сыйлауға ұмтыламыз. 2001 жылы Қазақстанның әуе тасымалы кеңістігінде туын тіккен «Air Astana» әуе компаниясы Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың тікелей қолдауымен құрылды. Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толса, біздің ұжымның салтанат құрып, елге қызмет етіп келе жатқанына 20 жылдың жүзі болды. Алдағы уақытта да еліміздің азаматтарын діттеген жеріне дерт уақытында жеткізіп, қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуге бар күшжігерімізді саламыз.

Тағы бір ерекше атап өтер жайт, тәуелсіз Қазақстанның азаматтық авиация саласы қарқынды дамып келеді. Оған ел үкіметі де ерекше көңіл бөліп, қамқорлығын аяған емес.

Бүгінгі таңда Қазақстан билігі біздің әуе компаниямыздың да өркендеп, жұмысын жандандыруға қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтамыз.

 

Жазып алған Нұрдан КӨШІМБАЙ

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде