jasqazaq.kz

Карантин аймағында көлігімен өзенге батып қалды

09 сәуiр 2020, 10:02

#үйдеотыр

Елордада карантин аймағына заңсыз өтіп кетпек болған «Mercedes Benz Gelandewagen» көлігі Нұра өзеннің ортасында тұрып қалған. Қалалық департаменттің іздеу-жедел тобы көлікті тауып, судан алып шықты. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында енгізілген төтенше жағдай кезінде карантин аймағына заңсыз өткендерді анықтау және ұстау мақсатында қалалық полиция департаментінің тәртіп сақшылары және «Астананың көлік клубтары альянсы» қозғалысының еріктілерінен құрылған мобильдік жедел-іздеу топтары құрылды. 6 сәуір күні сағат 11:00 шамасында жедел топ Целиноград ауданының Қосшы және Тайтөбе ауылдарының арасында Нұр-Сұлтан қаласының карантиндік аймағына Нұра өзенін кесіп өтпек болған «Mercedes Benz Gelandewagen» көлігін анықтады. Алайда, бөгет шлюзы ашылғандықтан өзендегі су деңгейі бір жарым метрге көтеріліп, көлік судан өте алмай қалған. Полицейлер мен еріктілер болат арқанға жалғап, көлікті судан сүйретіп алып шықты. Карантин режимін бұзған ер адам өзенге балық аулауға келіп, осындай жағдайға ұрынғанын айтып ақталған. «Mercedes Benz Gelandewagen» маркалы көліктің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы («төтенше жағдай режимін бұзу») бойынша хаттама толтырылды, Аталмыш бапта 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Полиция департаменті күн жылынуына байланысты өзенде су деңгейі көтеріліп, кейбір көпірге шығар тұсты және жолдарды су басып қалғанын еске салады. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына аса сақтық танытып, қажеттілік туындамаса, үйден шықпауға кеңес берілді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия