jasqazaq.kz

Карантин: 626 адам тәртіп бұзып, 138-і қамауға алынды

20 сәуiр 2020, 15:44

Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзған 626 адам тіркелді.

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. 20 сәуірге Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 626 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476-бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 595 құқық бұзушылық, оның ішінде 138 адам қамауға алынды,184 айыппұл салынды, 237 ескерту жасалды, 27 материал сотқа жіберілді. ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 31 бұзушылық анықталды, оның ішінде 15 айыппұл салынды, 12 қамауға алынды, 4 материал сотқа жіберілді. Мысалы, Ембі қаласындағы азық-түлік дүкенінің 50 жасар сатушысына, полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы 6-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырды, ол жұмыс орнында жеке қорғаныс құралдарын қолданбаған. Әкімшілік материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтар 31 анықталды. Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі.

Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі