jasqazaq.kz

«Канелоның» дәрі ішкені видеоға түсіп қалған

25 наурыз 2018, 21:02

Instagram-да қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қатысты айтқан сөзін растайтын видео жарияланды. Бұл туралы  Sports.kz сайтына сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Головкин қарсыласы алғашқы жекпе-жек алдында да «таза» болмағанын мәлімдеген еді. Ол мексикалықтың бұлшық еттерінің өсуіне көмектескен денесіндегі ине іздерін дәлел ретінде келтірді, сонымен қатар «Канело» салмақ өлшеу алдында қандай да бір дәріні жұтып, артынан су ішкенін айтқан болатын. Геннадий мексикалық боксшыны «алаяқ» деп атап, одан осы жайтты түсіндіруді талап етті.
Айта кетейік, ақпан айында Альварестің екі допинг-сынамасынан тыйым салынған зат — кленбутерол табылды.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды