jasqazaq.kz

«Канело» үшінші айқаста Головкиннің аса қауіпті екенін мойындады

15 қыркүйек 2022, 16:29


Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес осы демалыста Лас-Вегаста өтетін Геннадий Головкинмен үшінші айқастың маңызды екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біздің барлық жекпе-жегіміздің ішіндегі ең маңыздысы осы үшінші айқас деп ойлаймын. Головкин бұл айқасқа өзінің соңғы жекпе-жегі болуы мүмкін деген оймен қарайды. Бұл оны барынша қауіптірек етіп тұр. Бірақ, мен де қауіптімін, рингте барымды саламын. Жалпы, барлық айқасыма осылай қараймын, бұл жолы да солай. Бұл жекпе-жек мен үшін өзіндік маңызға ие, сондықтан оған бұрынғыдан да артық күш жұмсаймын. Мен 100% дайынмын. Бірінші раундтан бастап мерзімінен бұрын аяқтауға тырысамын», — деді «Канело» БАҚ-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, 18 қыркүйек күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегі өтеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық