jasqazaq.kz

Кандидаттардың телевизиялық пікірталасына 41 млн теңге жұмсалады

24 мамыр 2019, 16:53

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар арасында телевизиялық пікірталас өткізуге 41 млн теңге қаражат бөлінеді. Бұл туралы бүгін ҚР ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен айтты. 

«Біріншіден, біз өкілетті органға, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне хат жазып, пікірталасты және пікірсайысты өткізуге техникалық мүмкіндігі бар, қоғамдық қамту ауқымы үлкен телеарнаны айқындауды сұраған едік. Содан бізге «Хабар» агенттігі ұсынылды. Екіншіден, пікірталас пен пікірсайысты өткізуге 41 млн теңге қаражат қарастырылып отыр. Орталық сайлау комиссиясы арнайы келісімшартқа отыруды тапсырды. Ол нақтыланатын болады», — деді Ләззат Сүлеймен. Айта кетейік, бүгін ҚР ОСК Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлау алдындағы пікірталастар мен пікірсайыстар өткізу туралы қаулыны қабылады. Оған сәйкес телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстар 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында «Хабар» агенттігі АҚ-ның телевизиялық арнасы эфирінде көрсетіледі.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда