jasqazaq.kz

Кандидаттар арасында теледебат бола ма?

14 мамыр 2019, 12:08

Алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға түсетін кандидаттар арасында телепікірталас болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Бүгінгі күні менің білуімше, телепікірталас өтетін болады. Ол тікелей эфирде ұйымдастырылатын шығар. Теледебат — кандидаттардың бір-бірімен пікірталастыруы дегенді білдіреді. Толығырақ еститін боласыздар», — деді Д.Абаев.

«Президенттікке кандидаттар, оларды ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын теледидардағы сайлау алдындағы пікірталастарға қатысуға құқылы. Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы мұндай мүмкіндікті пысықтауда», — деген еді ол. Айта кетейік, осы жолы ҚР ОСК жеті кандидатты тіркеді. Олардың ішінде «Nur Otan» партиясынан — Қасым-Жомарт Тоқаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан — Төлеутай Рахымбеков, Қазақстанның коммунистер партиясынан Жамбыл Ахметбеков, «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалысынан Әміржан Қосанов, «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысынан Сәді-Бек Түгел, Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясынан Амангелді Таспихов және «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан Дания Еспаева бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде