jasqazaq.kz

Кәмелетке толмаған жүргізушінің әкесі видеоүндеу жасады

05 маусым 2021, 15:34

Арқалық қаласының тұрғыны Сергей Буглов жол талғамайтын көлікті басқарып, полицейлерді табельдік қару қолдануға мәжбүр еткен 14 жастағы ұлының әрекеті үшін көпшілік алдында кешірім сұрады. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

Баланың әкесі мұндай енді қайталанбайды деп уәде берді және болған оқиғаға барлық жауапкершілікті өз мойнына алды.

«Мен балаға, қозғалыс қатысушылары мен жаяу жүргіншілерге қатысты дұрыс әрекет жасамадым. Барлығынан кешірім сұрағым келеді. Жол полициясы қызметкерлері заң аясында әрекет етті, мені тоқтатпағанда, не боларын білмеймін», — деді 35 жастағы ер адам.

Бұған дейін Арқалықта полицейлер тізгінінде 14 жастағы бала отырған көліктің артынан қуып, қарумен тоқтатқаны хабарланған болатын. Желіде жүргізушінің жолаушылары түсірген видео пайда болды. Кадрларда баланың жанында нұсқаушы болып отырған ер адамды көруге болады. Көлікті тоқтату үшін тәртіп сақшылары табельдік қаруды қолданып, жол талғамайтын көліктің артқы дөңгелегін жарды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде