jasqazaq.kz

Кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан астаналық ұсталды

03 наурыз 2022, 16:51

Нұр-Сұлтан полициясы бірқатар жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, нәтижесінде интимді қызметке байланысты деректер анықталды. Арасында заңсыз бизнеске 18 жасқа толмаған қызды тартқан ер адам бар.

Бұл туралы Sputnik.kz хабарлайды.

Интимдік қызмет көрсету фактілерін анықтаған жедел уәкілдер 24 жастағы ер адамды ұстады.

«Ол кәмелетке толмаған қызды үш ай бойы жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Егер тергеу барысында және сотта айыпталушының кінәсі дәлелденсе, бап санкциясына сәйкес оның мүлкі тәркіленіп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге қамауға алынады.

«Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан полициясы 25 және 28 жастағы әйелдерді ұстады. Олар ақшалай сыйақы үшін массаж салондары түріндегі притондарда клиенттерді интимдік қызмет көрсететін қыздармен байланыстырған», — деп толықтырды полиция.

Құқық қорғау ведомствосының баспасөз қызметінің мәліметінше, «STOP трафик» жедел алдын алу шарасы басталғалы 31 адам анықталып, есепке қойылды.

Қазақстанның Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 450-бабы бойынша интимді қызмет көрсетуге үй-жай бергені үшін үш адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде