jasqazaq.kz

Кәмелетке толмаған қызды интим видеомен бопсалаған

27 тамыз 2020, 13:06

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды бопсалаған күдікті ұсталды.

Жетісай аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын мектеп жасындағы қызын біреу бопсалап жүргеніне арызданды.

Бөтен бір қыз осы жылдың маусым айынан бастап кәмелетке толмаған қызға «желіге интимдік видеоңды жариялаймын» деп қорқытып, бопсалап жүрген, — дейді жәбірленуші.

Осы жолмен ол жәбірленушіден 1 миллион теңге бопсалап алған.

Полиция бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, «Бопсалау» бойынша біырңғай тізіліміне енгізді.

— Күдіктінің жеке басын анықтау үшін Жетісай аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде жәбірленушіден бопсалаған 120 мың теңгені алып жатқан жерінен күдікті ұсталды. Ол Мақтарал ауданында тұратын жас қыз болып шықты, — деп хабарлады аймақтық ПД.
Айғақты зат ретінде ақша мен видеоматериалдар тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде