jasqazaq.kz

Кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен

20 тамыз 2020, 15:11

Оралда 21 жастағы Анатолий Марченко «16 жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскені үшін» 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы  zakon.kz хабарлайды.

«Мой город» порталының хабарлауынша, алғашқыда Марченконың ісі «кәмелетке толмаған баланы зорлау» бабы бойынша сотқа жіберілген, бірақ содан кейін «16 жасқа толмаған жасөсіріммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы басқа іс-әрекеттерге бару» бабы бойынша қайта қаралды. Айыптау қорытындысында жәбірленушінің қылмыс жасаған кезде 12 жасқа толғанын, оның іс-әрекетінің мәнін түсінбейтіндігін пайдаланғаны айтылады.

Істі қазылар алқасы қарады.

— Істі қарау кезінде алқабилер жыныстық қатынас жәбірленушінің келісімімен болған деген қорытынды шығарды. Жәбірленуші оның физикалық және психикалық дамуына байланысты жыныстық қатынастардың маңыздылығын түсінді. Сотталушы зорлық жасамаған, бірақ 16 жасқа толмаған жасөсіпірммен ерікті түрде жыныстық қатынасқа түскен. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабымен қайта қаралды, — деді судья Шара Зайнуллина.

Судья алқабилердің шешімі жасырын дауыс беру арқылы қабылданғанын және судья үкіміне әсер етпегенін айтты.

Алқабилер сотталушының жас баласы барын, бұрын сотты болмағанын және оң мінездемесін жазаны жеңілдететін жағдай деп таныды. Осылайша, әділ қазылар алқасы 2,5 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза әділетті деп санады, — деп толықтырды Зайнуллина.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі