jasqazaq.kz

КамАЗ жүргізушісі жоғалып кетті

23 қыркүйек 2020, 14:18

Атырау облысының Индер ауданында КамАЗ көлігінің жүргізушісі жоғалып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 21 қыркүйекте КамАЗ көлігінің жүргізушісі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала елді мекенінен Атырауға қарай жолға шыққан. Жүргізушінің жасы – 42-де, Атырау қаласының тұрғыны. Көлігімен мал тасымалдаған. Туыстары оның Индер ауданындағы Өрлік ауылдық округіне қарасты «Мамық» аталатын жерге жеткені туралы хабар алған. Алайда, кейін сол жерде тұрған КамАЗ табылған. Алайда, көлікте жүргізуші де, мал да болмаған.

«Бүгін, 23 қыркүйекте сағат 06:00-де жоғалған жүргізушіні іздеу басталды. Іздестіру жұмысына Индер аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері мен төтенше жағдай департаментінің 3 қызметкері, сондай-ақ жүргізушінің туыстары жұмылдырылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда із-түзсіз кеткен жылқышының денесі терең шұңқырдан табылған еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде