jasqazaq.kz

Кальян темекі шегуден 30 есе зиян

15 қазан 2018, 17:43


Қазіргі кезде қатерлі ісік ауруы жүрек-тамыр патологиясынан кейін екінші орында тұр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында айтылды.
Онкологиялық ауруларды емдеуге жыл сайын 36 миллиард теңге бөлінеді. Сондай-ақ, шамамен 4 миллиард теңге халықтың тегін скринингтен өтуіне бөлінеді.
«Қазіргі уақытты Ұлттық онкологиялық зерттеу орталығында рак дертінің пайда болу ерекшелігіне байланысты үш бағытта зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде сүт безі рагы жылдан-жылға жасарып келе жатқаны анықталды. Қазіргі уақытта 35 жас пен 45 жасқа дейін осы дертке шалдығушылар қатары көбейіп келеді. Бұл зерттеу сүт безі рагы тұрмысқа асықпай шығып, жасы тым ұлғайған кезде балалы болу салдарынан пайда болады деген тұжырымды жоққа шығарды. Қазақстанда әйелдер ерте тұрмысқа шығып, дүниеге бірнеше бала әкеледі. Олай болса олардың арасында не себепті сүт безі рагы көбейіп келеді? Зерттеу жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырып, сүт безі рагының пайда болуына не әкеп соғатынын анықтаймыз», — дейді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова.
Сондай-ақ бас онколог әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, зиянды әдеттерден аулақ болу керектігін айтты. «Темекі шегу — өкпе рагының туындауына себеп болады. Кальян тартатын жастарға айтарым — ол темекі шегуден 30 есе зиян», — дейді ол.

Baq.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді