jasqazaq.kz

Калифорниядағы атыс: мерт болғандар саны 9 адамға жетті

27 мамыр 2021, 17:42

Сан-Хосе қаласында (Калифорния штаты) теміржол депосы жанында болған атыс құрбандарының саны сегіз адамнан тоғызға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, зардап шеккен адам сәрсенбі күні ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Бірақ көп ұзамай көз жұмды. Сәрсенбі күні жергілікті көлік басқармасының қызметкері Сан-Хоседегі теміржол депосының жанында оқ атқан. Бұған дейін хабарланғандай, атыс салдарынан сегіз адам қаза тапқан, олардың арасында басқарма қызметкерлері де бар. Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, құқық қорғау органдары Сан-Хоседе өзін-өзі өлтірген жанкештінің әрекетінің себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізуде. Бастапқыда полиция қылмыскердің көзін жойғаны туралы хабарланды. Санта-Клара округі шерифінің орынбасары Расселл Дэвис баспасөз мәслихатында полиция болуы мүмкін жарылғыш құрылғыларды іздеп депо аумағын тексеріп жатқанын айтқан. Олардың біреуі табылды. Билік оқ атқан адамның аты-жөнін жарияламайды. Алайда, кеше AP агенттігі хабарлағандай, құқық қорғау органдарындағы дереккөздерінің мәліметінше, оқ атқан – 57 жастағы Сэмьюэл Кэссиди. Ол депода 2012 жылдан бері жұмыс істеген. Полиция оның үйін де тінтуде. Опат болғандардың арасында 29 мен 63 жас аралығындағы ер адамдар бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде