jasqazaq.kz

Калифорнияда марихуана заңды түрде саудаланбақ

01 қантар 2018, 19:15

АҚШ-тың Калифорния штатында қаңтардың 1-інен бастап ересек адамдарға марихуананы заңды түрде сататын ондаған сауда орны ашылмақ. Аталған штатта 1996 жылдан бері каннабисті медициналық мақсатта сатуға заң жүзінде рұқсат берілген, деп хабарлайды Baq.kz.

2016 жылы Калифорния тұрғындары каннабистің еркін саудасына рұқсат беруді қолдап дауыс берген, 2018 жылғы қаңтардың 1-інен бастап бұл шешім заңды күшіне енбек. Бірақ Лос-Анджелес және Сан-Франциско тәрізді кей ірі қалаларда марихуананың заңды саудасына рұқсат ету кейінге қалды, олардағы сауда орындарына тиісті лицензия кейінірек берілмек.

Калифорнияның каннабисті бақылау жөніндегі бюросының өкілі Алекс Траверсоның мәлімдеуінше, рекреациялық (дем алу мақсатындағы) марихуананы сатуға мемлекет 44 лицензия берген. Марихуананы медициналық мақсатта сатуға 69 лицензия берілген. Траверсоның сөзінше, реттеуші орган лицензия беруді сұрағандардан түскен жүздеген өтінішті қаңтардың біріне дейін қарап, тиісті шешім қабылдау үшін демалыс күндері де жұмыс істеген.

2018 жылы Калифорниядағы марихуана нарығының көлемі 3,7 миллиард долларға, ал 2019 жылы 5,1 миллиард долларға жетеді деген болжам жасалып отыр. Марихуананы заңдастыруды қолдайтындар жаңа шара штат бюджетіне жылына миллиард долларға дейін қосымша салық түсімін қамтамасыз етеді дейді.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды