
Мысыр астанасы Каир орталығында болған жарылыстан екі полиция қызметкері мен лаңкес қаза тапты. Тағы үш офицер жарақаттанған.
Бұл туралы Мысыр ішкі істер министрлігі хабарлады. Ресми ақпарға сай құқық қорғаушылар жұма күні Әл-Истикама мешітінің маңайында болған жарылысқа күдікті азаматты ұстамақ болған. Ол кезде үш тұрғын жарақаттанған еді. Полиция қызметкерлерінің қолына түскен террорист-жанкешті өзін өзі жарып жіберген. Алдын ала ақпар бойынша лаңкес дәл осы құқық қорғау органы қызметкерлерінің көзін жоймақ болған.